Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұрын соттар қарайтын азаматтық істердің бір бөлігі нотариустарға берілді

Бұрын соттар қарайтын азаматтық істердің бір бөлігі нотариустарға берілді

Меншік құқығын қорғау жөніндегі заң азаматтық-құқықтық даулардың кейбір түрлерін енді нотариустар қарастыратынын көздейді.
Бұл берешекті өндіріп алу бойынша даусыз талаптар. Мысалы, еңбек ақысын өндіріп алу туралы, коммуналдық қызметтер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы және нотариалды куәландырылған мәмілеге негізделген міндеттемелер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы талаптар және басқалар.
Бұл шара сот арқылы шешілуіне даулы негіздер жоқ болғандықтан, сот әуре-сарсаңын болдырмайды.
Сонымен қатар, балаларды асырауға алимент өндіріп алу, медиативтік келісімдерді орындау туралы және басқа да даусыз құжаттардан туындайтын азаматтық істердің 10 санаты сотта жеңілдетілген іс жүргізу нысанында қаралатын болады, онда қарау және шешім шығару мерзімі үш күнмен шектеледі.
Тиісті түзетулер Азаматтық процестік кодекске және «Нотариат туралы» Заңына меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша заң шеңберінде енгізілді.
                                                                                 
Шиелі ауданының Әділет басқармасы
11 наурыз 2019 ж. 796 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930