Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СОТ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ

СОТ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ

КЕЗЕКТІ БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН БРИФИНГТЕ ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫ М.КҮЗДЕУБАЕВ ПЕН АУДАНДЫҚ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ Ә.ТҮБЕКБАЕВА БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ 6 АЙЫНДА СОТПЕН АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТТАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА ЖАСАДЫ.
    Өткен 6 айында статистикалық мәліметтеріне сәйкес 62 қылмыстық ісі сотқа түскен, 12 қылмыстық ісі өткен есептік мерзімнен қалдықта болған. Яғни, 6 айда сотқа түскен істердің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 15 іске азайған.
І тоқсанда қаралаған істер 69 іс, 90 адамға аяқталған. Медиа­­ция заңы қолданылып, жәбірленушімен татуласуға байланысты қысқартылғаны 23 іс.
    6 айда сыбайлас жемқорлыққа байланысты екі іс 2 адамға қатысты қылмыстық істері сотқа түскен. Жаза тағайындау бойынша 6 айда 39 іс 52 адамға қатысты айыптау үкімі шыққан болатын, 27 іс 35 адамға қатысты қылмыстық іс қысқартылып қаулы шығарылып, үш іс 3 адамға қатысты қылмыстық іс айыпталушыға іздеу жариялауға байланысты прокурорға кері қайтарылған.
Материалдар бойынша 188 материал тіркелген. Ал, Азаматтық істер бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 38 азаматтық іс өткен есептік мерзімнен қалдық болып түскен. 6 айда 17 іс және 685 арыздар былтырғы жылмен салыстырғанда 36 арызға артқан. Оның ішінде: Есептік мерзімде аяқталып, қаралған азаматтық істер – 650 былтырғы жылмен салыстырғанда 40 іске артқан. Былтырғы жылмен салыстырғанда 22 шешімге көбейген. Әкімшілік істер бойынша 2018 жылдың 6 айында статистикалық мәліметтеріне сәйкес 361 әкімшілік іс 361 адамға қатысты сотқа түскен. Яғни, 2018 жылы 6 айында сотқа түскен істердің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 20 іске азайған. Сонымен қатар, брифингте аудандық соттың судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші Ә.Түбекбаева сот кабинеті электрондық ақпараттық сервисінің тиімділігі, істерді қарау барысында аудио-бейнежазба құралдарын қолдану, істерді қашықтықтан бейнебайланыс арқылы қарау, сондай-ақ сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралар жайында әңгіме өрбітті.
21 шілде 2018 ж. 871 0