Қыз алып қашуға қатысты істер көбіне тараптардың татуласуымен аяқталады
Өткен жылы Қазақстанда қалыңдық ұрлығына қатысты 12 қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінен хабарланды.
Еліміздің өңірлерінде қыз алып қашу дәстүрі сақталуда. Алайда заң өзгерген бүгінгі жағдайда егер қызды келісімінсіз алып қашса, бұл тұрғыда тиісті жаза қарастырылған.
«2016-2017 жылдары елімізде қалыңдық ұрлауға қатысты 12 қылмыстық іс тіркеліп, оның екеуі сотқа жолданды. Ал қалғандары тараптардың татуласуы және қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылды», - деп атап өтілген ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінде.
Бұдан бөлек, ведомство өткен жылы отбасындағы дау-жанжалдарға қатысты тіркелген деректерді де хабарлады.
«2017 жылы отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73 бабы бойынша (отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастарда заңға қайшы іс-әрекеттер) 27 мың құқықбұзушылық тіркелді», - делінген министрлік жауабында.