Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СОТ ТӨРАҒАСЫ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ

СОТ ТӨРАҒАСЫ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ



Шиелі аудандық сотының 2018 жылдың 1 тоқсанында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысында да ілгерлеу
барын 11 сәуір күні өткен баспасөз конференциясынан білдік. Бізге мәлім болғандай, сот төрағасы М.Күздеубаевтың айтуынша, аудандық соттың 2018 жылдың бірінші тоқсанында сот өндірісіне 35 іс түскен. 2017 жылдан 12 қылмыстық іс қалдықта қалған. Былтырғы жылмен салыстырғанда, сотқа түскен қылмыстық істердің саны 5-ке артқан. Есепті мерзімде 37 іс қаралып, аяқталған. Оның ішінде 16 іс бойынша айыптау үкімі шығарылып, 20-сы қаулымен өндірістен қысқартылған. Ал, 1 іс прокурорға іздеу жариялау үшін қайтарылған.
Аудандық сот 2018 жылдың бірінші тоқсанында қаралған қылмыстық істер бойынша 2018 жылдың бірінші тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа байланысты 1-і қылмыстық іс түсіп қаралып, айыппұл түріндегі жазаға тартылған. Сонымен қатар, 14 іске апелляциялық шағым, наразылық түсіп, апелляциялық сот алқасында өзгертілген немесе күшін жойған істер жоқ.
Материалдар бойынша 2018 жылдың І тоқсанында 102 материал тіркеліп, өткен жылдан 14 материал қалдыққа қалған. Өткен жылға қарағанда 144 материалға азайған.
Ал, азаматтық істер жөнінде, 2018 жылдың 1 тоқсанында статистикалық мәліметтерге сәйкес, 38 азаматтық іс өткен есептік мерзімнен қалдық болып түскен. 2018 жылдың 1 тоқсанында 163 азаматтық іс АВФ бейне жазбасымен қаралған, 2018 жылдың 1 тоқсанында сотқа түскен 367 арыздың «Сот кабинеті» сервисі арқылы түскені 367 арыз, яғни 100 пайыз. Дәл осы мерзімге дейін 8 азаматтық іске апелляциялық шағым, наразылық түсіп апелляциялық сот алқасында күші жойылған немесе өзгертілген азаматтық істер жоқтығы да аян болды. Мұнымен қоса, әкімшілік істер бойынша 2018 жылдың І тоқсанында статистикалық мәліметтеріне сәйкес 141 әкімшілік іс 141 тұлғаға қатысты сотқа, яғни, 2018 жылдың І тоқсанында сотқа түскен істердің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 21 іске азайған. Ағымдағы жылдың І тоқсанында 141 тұлғаға қатысты 141 әкімшілік іс негізінен қаралған, оның ішінде 119 тұлғаға әкімшілік жаза тағайындалған, 20 тұлғаға катысты әкімшілік іс сот өндірісінен қысқартылған, 2 тұлғаға қатысты кәмелетке толмағандарға қатысты тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылған.
2018 жылдың І тоқсанындағы әкімшілік істердің көрсеткіші бойынша І тоқсанында түскен 141 әкімшілік істің барлығы «Сот кабинеті» сервисі арқылы тіркелген.
Е.ДАТКЕНОВ.
16 сәуір 2018 ж. 1 657 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930