Бахардың дара жолы
Даналық істерімен ардақты қариялардың көкірегі қашанда өсиетке толы. Көргені көп адамдардың ақылын тыңдап, сөзін санаға түйіп жүргеннен ешкім жаман болмаған. Елбасы «Жалпақ жұртыңды құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» - дейді. Сондықтан болар, елімізде зейнеткерлікке шыққан, ата әжелерімізге қамқорлық жасалып келеді.
Сәрсенбі күні Досбол би ауылдық клубында есепші маман Бахар Кенжеғұлованың зейнеткерлік жасқа толуына орай «Дара жол» атты кеші өтті. Оған ауыл әкімдігі мен клуб қызметкерлері, тұрғындар қатысты. Бұл Ақтоған ауылында өткен ауқымды шаралардың бірі еді. Мерекелік кеште клуб қызметкері Б.Жомартова мен Н.Жұмаділлаеваның «Бақыт деген не?» атты монологымен басталды. Залдағы көрерменге ыстық ықылас сыйлады. Содан кейін, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жадыра Отарбаева мен осы бөлімнің кәсіподақ төрағасы Рахман Ибраев, Ақтоған ауылдық округінің бас маманы Бақытжан Қойшыбаев және әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Нәлібаева ашып берді. Кеш иесіне ел игілігі үшін еңбектеніп, зейнеттік жасқа шыққанымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Ауданның абыройын асқақтатар талантты ұл қыздарымызға ел аға, апаларының жолын берсін, жас толқындар легі сіздердей елі үшін еңбектене берсін деп ақ тілегін жаудырды.
Жұлдызай Қауғанбаева.