Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерінбей еңбек етуге даярмыз

Ерінбей еңбек етуге даярмыз


Зарина ЯХИЯ,
№156 Н.Бекежанов атындағы мектептің мұғалімі:
Биылғы жарияланған жастар жылы біздерге мол мүмкіндіктер ұсынып отыр. Қай салада болсын жастарға арналған түрлі жобалар мен жеңілдіктер қабылдануда. Әсіресе, Мемлекет басшысы өткен жылғы халыққа арнаған жолдауында ұстаз мәртебесіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, мұғалімнің жүктемесін азайтуға да мән берген болатын. Ендігі біздің міндетіміз – Елбасының сенім үдесінен шығып, рухы мықты, елдігі бекем мемлекетке айналу.
Мен де өз кезегімде жас бүлдіршіндерді тәрбиелеуші ретінде тәуелсіз еліміздің дамуына үлесімді қосқым келеді. Ол үшін балаларға жаңа сабақты түсіндіріп қана қоймай, Елбасы жолдауында көрсеткен креативтілікке, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге дағдылану қажет. Осы бағытта шығармашылық әлеуетімді дамытып, жаңа дәуірдің кішкентай бүлдіршіндеріне білімнің мықты іргетасын қалауға бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын.
Жаңа заманда тәуелсiз елдің мұраты – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақ мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», – дейдi Елбасы бiр сөзiнде. Сондықтан, жастарға бiлiм беретiн ұстаздар да ұлы мұрат жолында жалынды еңбек етуге даярмыз.
29 қаңтар 2019 ж. 1 038 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 65

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031