Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жезқазғанда «Жастар театры» ашылды

Жезқазғанда «Жастар театры» ашылды

Бір қызығы жаңа театрда кәсіби актерлер жоқ, өнер ұжымы әр саланың мамандарынан құралған. Мұғалім мен дәрігер де, зауыт жұмыскерлері мен мектеп оқушылары да барын салып, сахнаға шықсам деген бала күнгі армандарын жүзеге асырып келеді. Театр труппасында әзірге 11 мен 29 жас арасындағы 78 адам бар. Өнер ұжымы репертуарды режиссермен ақылдасып таңдайды. Осы күнге дейін олар «Айман-Шолпан», «Құстар фестивалі», «Мир моды», «Услышь меня» секілді қойылымдарды сахналаған. Шығармашылық ұжым жуырда Астана, Павлодар, Екібастұз қалаларында гастрольдік сапармен болып,, көрермендерден жоғары бағасын алыпты. Қазір олар кезекті спектакльге дайындық үстінде. Сәкен Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» туындысын сахналамақшы.«Негізі бала кезімнен айтатынмын, осындай үлкен сахнада көрінсем екен деп.

Бұл менің бірінші қадамым болды үлкен сахнаға. Мен өзіме өте қатты қуаныштымын», - дейді мектеп оқушысы, Ерасыл Баймусинов.

«Кастингке біраз балалар келіп, қабылдадық. Сол балалармен біз ең алғаш рет Дулат Исабековтің «Құстар фестивалін» қойдық. Профессионал болмаса да, бәрібір адамның ішінде өнер жатыр. Талпыныс бар. Біреу ән айтқысы келеді, біреу билегісі келеді, біреу сахнаны аңсап жүреді», - дейді жастар театрының қоюшы режиссері, Жасұлан Түсіпбеков.


https://baq.kz/
10 қаңтар 2019 ж. 883 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 38

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031