Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үлкен сахнада өнер көрсеткім келеді

Үлкен сахнада өнер көрсеткім келеді

– Алғаш сах­наға неше жа­сың­да шықтың?
– Мен өзім жастайымнан ән айтуға құмартып өстім. Қазақ эстрадасындағы әншілерге ұқсағым келіп, өлеңдерін жиі тыңдайтынмын. Әсіресе, Роза Рымбаеваға еліктейтінмін. Алғаш рет сахнаға бала­бақшада жүрген кезімде шықтым. Мектепте шара болса, маған өлең айтқызатын. Сонымен қатар, бүгінгі күні өзімнің оқып жатқан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өнеріммен танылып, ұстаздарымның сенімін ақтаудамын.
– Әншілік өнерді өміріңе серік етуге кім себепші болды? Әлде отбасыңызда өнерге жақын жандар бар ма?
– Отбасымда өнерге жақын ешкім жоқ. Бірақ өмірдегі, өнердегі тірегім ол – Айсұлу анам. Мені әрқашан ал­ға жетеледі, жеңілген жерімде сүйеу болды. Менің ән айтуға деген құмарлығымды, қызығушылығымды көрген анам аудандық әуез мектебіне алып келді. Сондай-ақ, кез келген жан мамандық таңдағанда жаңылыспау керек дегенді жиі еститінмін. Сондықтан, өзім ұнатқан, қызығатын, өзіме жақын саланы жаныма серік еттім.
– Қазір аудан жұртшылығы сені танып, біліп жатыр. Алдағы күн­дерге қандай жоспар бар?
– «Мақсатсыз адам, қанатсыз құспен тең» дейді ғой даналық сөздердің бірінде. Болашаққа деген жоспарларым көп. Ең бастысы анамның сенімін ақтасам деймін. Анам менің үлкен сахнада өнер көрсеткенімді көріп қуанса, жүзіне күлкі ұяласа, менің де қуанышымда шек болмас еді. Республикалық деңгейдегі сахналардан көрініп, тыңдармандарымның көңілінен шықсам деген мақсатым бар.
– Танымал әншілер ақындарға сөз жаздырып, композиторларға әнін шығартып жатады. Осы бағытта өзіңде қандай жұмыстар жасап жатырсың?
– Бүгінгі күні 2 курс студентімін. Алда әлі екі жылым бар. Қазіргі таңда өнер саласында ұзақ жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан ұстаздарымнан тәжірибе жинақтаудамын. Облысымыздағы іргелі оқу орындарының бірі болып саналатын шаңырақтан әлі аларым көп. Өкінішке орай өзіме арнайы жаздырған әнім жоқ. Десе де, оқуымды бітірген соң, осы істі қолға алсам деген ниеттемін.
– Әңгімеңізге рақмет.

Cұхбаттасқан
Ерұлан ДАТКЕНОВ.
30 қараша 2017 ж. 1 534 0

Қоғам

Мен өмірді қалаймын!
07 қараша 2024 ж. 61

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930