Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Семейде колледж мұғалімдері өз студенттеріне үй алып берді

Семейде колледж мұғалімдері өз студенттеріне үй алып берді


Семейде Әуезов атындағы педагогикалық колледждің оқытушылары өз студенттеріне үй алып берді. Колледж директоры Шағангүл Жанаева мұндай қайырымдылық шарасын 4 жыл бұрын жоспарлаған екен. Педагогтер ұжымы әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы студенттерге көмектесу туралы игі бастамаға қолдау білдіріп, 4 жыл көлемінде бір күндік жалақыларын аударып келген. Бұл туралы Semeyainasy.kz агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Колледж ұжымы көмектескен бірінші студент – Айгерім Кузбасова. Бүгінде ол мамандығы бойынша жұмыс істеп, отбасымен бірге өз пәтерінде тұрып жатыр.
«Тағы бір қыздың ата-анасы жоқ, толық жетім. 2015 жылы колледжді тәмамдады. Осы жолы оған ақша жинап бітірдік. Таяуда оған пәтердің кілтін табыстадық», – дейді директордың оқу ісі бойынша орынбасары Майра Тоқтарбек. Колледж ұжымы қайырымдылық шарасын мұнымен тоқтатпақ емес. Айтуларынша, колледжде әлі де көмекке мұқтаж студенттер бар.
«Барша ұжымға алғыс білдіремін. 2014 жылғы түлекпін. Педагогикалық колледжді «Бастауыш білім мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдадым. Бүгінгі таңда №34 мектепте жұмыс істеп жатырмын. Дипломмен бірге, 4 бөлмелі үйдің кілтін алдым. Ол жерде монша, гараж да бар. Көмекке қатты зәру болған кезімде үлкен қолдау көрсетті», – дейді Айгерім Кузбасова.
Stan.kz

10 желтоқсан 2018 ж. 1 120 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930