Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалың қалай студент?

Қалың қалай студент?


Дәл осы тақырыпта аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері өткен бейсенбі күні Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің жатақханасындағы студенттермен кездесіп, олармен семинар-тренинг өткізді.

Көп жылдардан бері құлазыған ғимарат өткен жылы күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, ажары кірген болатын. Колледж жатақханасының сыйымдылығы 240 студентке арналған. Іші жылы, студенттерге қолайлы. Жуынатын бөлмелері мен жатын орны, демалыс бөлмесі, асханасы талапқа сай. Білім іздегендер 1 қабаттағы кітапханаға бас сұғып, түрлі тақырыпта ізденуге мүмкіндік бар. Әлеуметтік желіге қосылулары үшін де сымсыз интернет орнатылған. Сондай-ақ, ән жаздыратын орын ашылып, барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Осы жатақхананың жай-күйін зерделеп, тұрмыс-тіршілігімен танысып, студент-жастармен пікір алмасу мақсатында ұйымдастырылған болатын. Жатақхана бөлмелерін тегіс аралап, таңданып шыққан олар колледж музейін де тамашалады.

Е.ДАТҚА.
03 ақпан 2018 ж. 1 866 0