Ұстаз – шәкіртімен мың жасайды
Ол, ауданымызда спорт саласында қызмет ете жүріп талай жетістіктерге қол жеткізді. Спорт ардагері 1947 жылы Шиелі кентінде өмір есігін ашқан. Ата-анасы алдыңғы ұлдарының есімі Мұқтар, Қаппбар болған соң, жас нәрестеге Жапбар деп ұқсатып ат қояды. Анасы кішкентайынан оны еркелетіп Аққуан деп атайды. Содан туған-туыстары, дос жарандары арасында Аққуан аталып кетеді. Жапбар 1966 жылы №45 қазақ орта мектебін бітіріп, Отан алдынбағы борышын абыроймен өтеп келеді. Еліне оралған соң, 1971 жылы аудандық жасөспірімдер спорт мектебіне жаттықтырушы жұмысқа болып орналасады. Осы жылдары шәкірт тәрбиелеп, жаттықтырушы қызметінің алғаш дәмін татады. Өзінің ісіне деген сүйіспеншілігімен көзге түскен талапты спортшы 1975 жылы спорт мектебінде директордың оқу ісі жөнінде орынбасары болып қызмет ауыстырады. Яғни, жоғарлатады. Жаппар Айтжанов команда дайындап аудандық, облыстық, республикалық жарыстардан үнемі жүлделі орындар алды. Жетістігіне лайықты мақтау қағаздар мен, түрлі марапаттар алып отырды. Бірнеше рет аудандық, облыстық білім басқармасымен және облыстық кәсіподақтар ұйымының құрмет грамотасымен марапатталды. 1997 жылы кез келген адамның қолы жете бермейтін Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің құрмет грамотасының иесі болды. Сонымен қатар, 1991 жылдарда аудандағы №219 қазақ орта мектебінде денешынықтыру пәнінен сабақ беріп, ұжымдастары арасында сыйлы болды.
Бүгінгі таңда Жаппар Айтжановтың тәрбиесін көрген шәкірттері ауданымыздың түкпір-түкпірінде жұмыс жасайды. Волейбол ойының жыл сайын жандануына Жаппар ағайдың әлі күнге дейін ықпалы бар деп еске алады, көзі көрген жандар. Сол себепті, сыйлас, дәмдес, әріптес болған жандар жылда бас қосып, еске алып, турнир ұйымдастырылып тұрады. Соның бірі 2017 жылы ұлағатты ұстаздың 70 жасқа толуына орай аудандық білім бөлімі кәсіподақтарының ұйымдастыруымен өтті. Жаппар аға жанұя жылуын сақтаған абзал азамат, отанасы Ұлжан апай екеуі 2 ұл, 4 қызды жетілдірді. Жанұясы әке тәрбиесін тәлімін, жайсан мінезін үлгі тұтады.
«Ұстаз – шәкіртімен мың жасайды» - деген осы болар. Ауданымыда спорттың дамуына өзіндік үлес қосқан ардақты азаматтың есімі ел есінен ешқашан кетпейді.
Ерұлан БАЛТАБАЙҰЛЫ