Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АСТАНАДАН ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

АСТАНАДАН ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

Бес жасынан балаларының спортқа бейімділігін байқаған ата-анасы 2015 жылы Бекжанды спорт мектебінің таэквондо үйірмесіне береді. Содан бастап ұстаздарының ерекше көзіне түсіп, түрлі байқауларға қатысып жүр. Өткен жылы тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған облыстық жарысқа алғаш рет қатысып 30 келі салмақта І орынды жеңіп алды. Содан бері бірнеше аудандық, облыстық, республикалық турнирлерде сынға түсіп, тек алғашқылардың қатарынан көрініп келеді. Қазан айының соңында Алматыдағы «Барыс» таэквондо орталығының «Almaty Open Bars Cup-2017» халықаралық турнирінде 38 келі салмақта сынға түсіп, І орынды иеленді. Жуырда ғана 25-26 қараша күндері Елордада таэквондодан Астана қаласы әкімдігінің кубогына қатысып, І орынды қанжығасына байлады.
Бекжан спортпен қатар, математика, ағылшын тілі сабақтарын сүйіп оқитынын, ән айтуды ұнататынын айтады. Бұл пәндер бойынша да бірнеше сайыстардың жеңімпазы атанған. Оның алғырлығы сондай, бізге текше пішінді балалар ойыншығын 4 минутта құрастырып берді. Бармақтай ғана баланың босқа ойын қумай, уақытын тиімді өткізетіні бізді қуантты. Алдағы уақытта Бекжанның бұдан да үлкен жетістіктерге жетіп, ел намысын әлемдік деңгейде қорғауына тілекшіміз.

Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ.
30 қараша 2017 ж. 1 171 0

Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

08 желтоқсан 2023 ж.
Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

08 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9158)

09 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам