Үш тілді меңгерген ұстаз
Үш тілде оқытудың негізгі мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік қабілеті дамыған мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Үштілділік туралы Елбасы Н.Назарбаев осыдан 11 жыл бұрын «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Содан бері үш тілді меңгеру, мектеп бағдарламаларына енгізу жұмыстары бір жүйеге келтіріліп, қолға алынуда.
Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік алады. Ал, мектеп – үш тілде оқыта отырып, өзге тілдерді меңгерген, жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, болашақ маманның негізін қалайды. Сондай-ақ, үштілділік – дамыған 30 елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі болып саналады. Бүгінгі таңда осы үш тілді жетік меңгеріп, шәкірттеріне сапалы білім беруді мақсат тұтқан №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейдің информатика пән мұғалімі Ментай Қожай заман талабына сай маманның бірі.
Бүгінгі кейіпкеріміз 2017 жылдың 4 қыркүйегі мен 2018 жылдың 26 маусымы аралығында Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясында педагог мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған білім беру бағдарламасы бойынша 1600 академиялық сағат көлемінде тілдік консорциум және «Cambridge» университетінің ұйымдастыруымен «Тілдік құзыреттілік» курсын оқып, «СЕРТ» онлайн тестінің С1 деңгейі бойынша сертификат иеленген.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 18 қыркүйегінде өткен аудандық «Үштілділік – білім беру жүйесін дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты байқауда ІІ орыннан көрінген тәжірибелі мұғалім. Ол бар күшін шәкірттеріне сапалы білім беруге жұмсайды. Тіпті, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жаңаша серпіліс, жұмысына қарқын сыйлағанын тілге тиек етті. «Жуырда ғана Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Педагог мәртебесі туралы» заң әзірлеу қажеттігін жеткізген болатын. Бұл әрине, мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін жүктемені азайтып, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функцияларды ажыратуға септігін тигізетін болады. Сондай-ақ, беделімізді арттырып, өз ісімізге деген құрметті күшейте түседі» – дейді М.Темірханқызы.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын көрінеді. Демек, қазіргі білім беру жүйесі білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалануға үйретеді. Яғни, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүріп кез келген жұмысты игеріп әкетуге қауқарлы болуға баулиды десек жаңылыспаймыз. Өйткені, болашақ ІТ-технологияны меңгеріп, ақылды технологиялармен жұмыс жасайтын мамандарды қажет етеді. Осы үдеден шығу жолында Ментай Қожай білім алушылардың үштілділік құзыреттілігін дамытып, мектеп-лицейде информатика пәні бойынша терминология курсын өткізуде. Білімі мен білігі жоғары ұлағатты ұстаз сабақты жүргізу және басқару әдістерін меңгеру, оқушыларды ағылшын тілін оқуға ынталандырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін де меңгеруде.
Бақытжан БӘЙІМБЕТ.