Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ағылшын тілін меңгеру – сән емес, заман талабы

Ағылшын тілін меңгеру – сән емес, заман талабы


Бүгінгідей жаhандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамда алар орны айрықша. Тіл үйренудің пайдасының ұшан-теңіз екендігін естіп-біліп, тіпті куә болып та жүрміз. «Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаhандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» – деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында айтып кеткен. Мәдениетті, жан-жақты, ұлтжанды, руxани дүниесі бай, интеллектуалды деңгейі жоғары ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тағылымды тәрбие беруде «English world» ағылшын тілін үйрету орталығының жұмысы көңіл қуантады. Білімді де білікті, тәжірибелі мамандардан тіл үйреніп, егемен еліміздің білім көкжиегін әлемдік деңгейге көтерсем деген үкілі үмітпен алға ұмтылған балалардың ынтасы, қызығушылығы өте зор. Қараша айының 24 және 25-жұлдызында Дүйсенова Мөлдір Мейрамханқызының ұйымдастыруымен ашылған «English world» ағылшын тілін үйрету орталығы оқушылардың алған білімдерін саралап, қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтау мақсатында олимпиада өткізді. Олимпиадаға ата-аналар да қатысып, балаларының алған біліміне, алғырлығына, жан-жақтылығына куә болды. Ағылшын тілінің бірінші деңгейін аяқтаған оқушы­лардың білім нәтижесі мақтанарлықтай. Сайысқа қатысқан барлық оқушылар сыйлықтар мен сертификаттармен марапатталса, ерекше қабілетімен көзге түскен оқушылар арнайы жүлделерге ие болды. Олимпиада барысындағы видеолар мен суреттер, сондай-ақ, оқу орталығының барлық ақпараттары фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілерінде үнемі жарияланып отырады. Балаларының осындай аз уақыт ішінде үлкен нәтижеге қол жеткізгенін көрген ата-аналар «English world» оқу орталығының ұстаздары мен басшысы Мөлдір Дүйсеноваға жылы лебіздері мен болашақта толағай табыстарға қол жеткізуге ақ тілектерін ақтарып, алғыстарын білдірді. «Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар, жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін» – деп М.Жұмабаев жырлағандай, ағылшын тілінің алғашқы деңгейін жоғары дәрежеде аяқтаған оқушылардың жүздерінен келесі деңгейге көшу ұмтылыстары байқалып тұрды. Көпшіліктің сұранысы бойынша дәл осындай орталық жақында Төңкеріс ауылында ашылды. «Тұрғындар қаласа, өзге ауылдардан да ашуға ниеттіміз», – дейді оқу орталығының басшысы.
Ағылшын тілін меңгеру – сән емес, заман талабы екені баршамызға белгілі. Бұл жас ұрпақтың ғана емес, тұтастай ұлт болашағының жарқын болуының кепілі. Егемен еліміздің ертеңгі іргетасын берік етіп қалайтын елжанды, бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылуда көрегендік танытып, көш бастайтын ұлы даламыздың ұрпақтары көбейсін деген ниеттеміз.
Г. ЯХИЯЕВА,
арнаулы тілші.
30 қараша 2017 ж. 2 081 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031