Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтың мүддесі жолында

Халықтың мүддесі жолында

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан Президентіміздің Отанға, елге, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін, жігерлілігін, кемеңгерлігін, көрегендігін тағы да байқадық. Азаматтық борышты дұрыс түсінуден елін сүйген патриоттық сезім мен халықтар достығы қалыптасады. Мемлекет басшысы жымиып күліп, жылмаң сөйлеген жат идеологияларға ұлттық құндылықтарымыз бен отаншылдығымыз арқылы төтеп беретінімізді атап көрсетті. Елбасының тарихты терең білетіндігін, ата-бабамыз қолданған руна жазуынан бастап барлығын ой елегінен өткізе айтқанын ұқтық. Ұлттық болмысымызды сақтай отырып, сананы жаңғырту, тарихи деректерді қайта қарау және заман талабына сай білімділікке ұмтылу мақалаға арқау болып өрілген. «Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеология­лар пайда болады» деген. Елбасы елді өркендетер түбегейлі жаңаруларға жұмылдырып, білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбек етуге шақырды.
Әлемдік дағдарыспен күресіп барлығын әлеуметтік жағдай шешеді деп жүріп, біз ұлттық құндылығымызды кейінге қалдырғанымыз жасырын емес. Мақалада айтылған бағыттарды жүзеге асыру мақсатында ауданымызда тәрбиелік мәні бар түрлі жұмыстар жүргізілуде. Есімі ел есінен кете бастаған, кезінде ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолында қызмет жасаған азаматтардың есімі ұлықталуда. Көше есімдері берілуде, жазба ақындар мүшәйрасы өткізілуде. Бүгінгі мектеп табалдырығында оқып жүрген бүлдіршіндерімізге өмірлері өнеге етілуде. Саналы ғұмырын халықтың хал ахуалын жақсарту үшін жұмсаған азаматтарды өзіне үлгі еткен жеткіншектер келешек ардақты азаматтарымыздың ізін басатынына сенімдімін.
Елбасының тарихты терең білетіндігі, сонау түркі халқының көне жазуынан бастап барлығын ой елегінен өткізе білетіндігін байқай отырып, асар асуымыз әлі алда екеніне сенімдімін.

Нұрлан ӘМІР,
аудандық мәслихат депутаты.
23 желтоқсан 2017 ж. 956 0