ЖЕМҚОРЛЫҚ – ЖЕГІ ҚҰРТ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жылдар бойы жүргізіліп келеді және ол ешқашан да бәсеңдемейді. Жемқорлықтың алдын алу мақсатымен көптеген іс-шаралар қолға алынып, атаулы жұмыстар жасалуда. Ол атқарылған шаруалардың да өзіндік нәтижелері жоқ емес, біраз істің беті ашылып, жолы да кесіліп жатыр.
Жемқорлықтың қылмыс екені, жемқорлық сияқты келеңсіз оқиғаға жол берген тұлғалардың қызметінен де айырылып, лауазымы төмендеп, қамалып жатқаны күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан баршамызға мәлім. Десек те бұл жегі құрттың тамырына балта шауып, түбегейлі жойып жіберу мүмкін болмай тұр. Соттаумен, шара қолданумен немесе жазаға тартумен іс бітпейтіні анық. Оны болдырмаудың, алдын-алудың жолын қарастыру керек. ХХІ ғасыр індетімен күресу тек құқық қорғау органдарының басты мақсаты мен жұмысы емес, бүкіл қоғам болып ат салысуды меңзейді. Көпшіліктің алмайтын асуы да, қамалы да болмайды, бар мүмкіндікті пайдаланып, қырағылықты күшейтіп, қызметкерлердің ар-ожданын оятып, нағыз отансүйгіштік пен халық қамын ойлаушылық дәрежеде тәрбиелеу мәселелерін көтеру керек.
Лиза МАҚАШОВА,
Ы.Жақаев ауылдық кітапханасының кітапханашысы.