Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бизнесті дамыту үшін барлық мемлекеттік қызметтер баламасыз түрде электронды форматқа көшіріледі

Бизнесті дамыту үшін барлық мемлекеттік қызметтер баламасыз түрде электронды форматқа көшіріледі

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ШОБ цифрландыру мәселесі қаралды. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын орындау барысы туралы ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады. Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында «бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету қажеттігін, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік беретінін атап көрсеткен. «Бүгінгі таңда egov.kz порталында бизнеске және халыққа ұсынылатын 746 мемлекеттік қызметтің 452-сі автоматтандырылған, онда 6,8 млн-нан астам пайдаланушы тіркелген, олар 190 млн-нан астам қызмет алған. 3,3 млн-нан астам қолданушы мобильдік қосымшаны қолданады, оларға 10 млн-нан астам қызмет көрсетілген», – деді министр. Оның айтуынша, бұл әртүрлі сараптамалық топтардың және комиссиялардың жұмысын автоматтандырылған үдерістермен ауыстыруға, бұл олардың субъективті пікірлері негізінде шешім қабылдау тәжірибесін жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру кезінде құжаттардың, толтыру алаңдарының және қарау мерзімінің 50%-тен астамы қысқарады. Тимур Сүлейменов мысал ретінде «БЖК–2020 аясында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер бойынша кепілдіктер беру — мемлекеттік қолдау құралын келтірді, мұнда қызмет көрсету мерзімі 15-тен 2 жұмыс күніне дейін, сұралатын құжаттар саны 8-ден 1-ге дейін және толтыру алаңдары 59-дан 5-ке дейін қысқартылады. «Осылайша,біз барлық мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде операциялық қызметтерді, сонымен қатар мемлекеттік қолдау шараларын баламасыз негізде электронды форматқа шығаруды көздеп отырмыз», — деп мәлім етті министр. Бұдан өзге, бизнес үшін ашық цифрлық платформаны құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, онда басқарушылық шешімдерді қабылдауды жеңілдету және ішкі процестерді автоматтандыру үшін қажетті сервистерді орналастыру жоспарланған. Бұл — кассалық және бухгалтерлік есеп жүргізу, персоналды басқару, тауарлар мен қызметтер қозғалысын бақылау, ресурстарды шығындау мониторингі, электронды құжаттар айналымы т.с.с. «Біздің болжамдарымызға сәйкес, 2022 жылға қарай 100-ден астам АТ-компания сервистерін платформада жариялайды, оның ішінде 10 сервис оған орналастырылған, бұл орайда платформа қолданушыларының саны 150 мың субъектіден аспайды», – деп хабарлады ол.  ШОБ цифрландырудың келесі маңызды факторы ретінде Тимур Сүлейменов ШОБ мемлекеттік қолдау шаралары бойынша «Бір терезе» порталын құруды атады.  Аталмыш жұмыс аясында ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, инвестициялар және даму министрліктері оңтайландырылуы және автоматтандырылуы тиіс 52 қолдау құралынан тұратын тізімді жасады.  Қазіргі кезде 15 мемлекеттік қолдау шарасы толық автоматтандырылды.  «Құрылатын бірыңғай тексеру жүйесі автоматты түрде, оған енгізілген формулалар арқылы адамның қатысуынсыз мүмкін болатын бұзушыларды айқындауға, электронды хаттамалар мен қаулыларды жүргізуге, тексеру нәтижелерін онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік береді. Тексеруші органдар тарапынан құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда кәсіпкердің тікелей комитетке шағым жазу мүмкіндігі болады», — деп түсіндірді министр. Осылайша, аталған жүйе негізсіз тексерулер санын азайтуға, адал кәсіпкерлердің жұмысына араласуды қысқартуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев цифрландырудың мүмкіндіктерін жаппай пайдалануды қамтамасыз ету үшін қалалар мен аудан орталықтарында құрылған кәсіпкерлерге қызмет көрсететін барлық орталықтардың жұмысын цифрландыру ұсынылатынын айтты.  «Қалалардағы барлық 25 КҚКО мен аудан орталықтары мен моноқалалардағы 189 Қолдау орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету зоналары құрылатын болады, онда консультанттардың көмегімен интернетке тікелей шығуға мүмкіндігі жоқ кәсіпкерлер санаты үшін электронды мемлекеттік қызметтер мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар болады», — деді ол. ҰКП басшысы сонымен қатар әсіресе, ауылдық жерлерде қызметін жүргізетін кәсіпкерлердің құзыреттілігін көтеру үшін биылдан бастап цифрлық сауаттылықты арттыруға оқыту бағдарламасы іске қосылатынын айтты. Жыл сайын оқытумен 15 мыңнан астам кәсіпкер қамтылатын болады, бүгінгі таңда бұл бағдарлама бойынша 7 мыңнан астам адам оқытылды. Сонымен қатар биылғы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап пилоттық режимде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Астана және Алматы қалаларындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының жұмысын толық электронды форматқа көшіруді жоспарлап отыр.  «Автоматтандыру бизнеске қаржылық емес қолдау көрсетуге бөлінетін бюджетті қысқартуға, қамту бөлігін ұлғайтуға, құжаттар айналымын төмендетуге, консультанттар санын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар биылдың өзінде мемлекеттік қолдауды көрсету уақыты мен талап етілетін құжаттар санын 50%, бизнесті тексеруді 30% қысқартуға мүмкіндік береді, бұл бизнестің шығындарын 2022 жылға қарай 8,4 млрд қысқартады», — деді Э. Жұмағазиев.  Сөз соңында ҰКП өкілі ШОБ үшін Ашық платформаның мүмкіндіктерін іске асыру және жыл сайын оқыту 300 мыңнан астам кәсіпкердің жұмысын цифрландыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

24.kz
12 маусым 2018 ж. 867 0