Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН АЛУ ЖҮЙЕСІ ЖЕҢІЛДЕДІ

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН АЛУ ЖҮЙЕСІ ЖЕҢІЛДЕДІ

Қызылордалықтар жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталында ауыстыра алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының ХҚКО департаменті мамандандырылған бөлімінде өткен баспасөз турында хабарлады. ХҚКО департамент басшысының орынбасары Жандос Қадырбайдың айтуынша, жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру үшін электрондық-цифрлық қолтаңба қажет. Қызмет алушы egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін электрондық өтінішті толтырып, қол қоюы тиіс. Өтінішпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-суретін де жолдап, мемлекеттік баж салығын төлеу қажет. Қызметті онлайн тәртіпте рәсімдегеннен кейін жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен толтырылған электрондық өтінішті және «Қызметтерді төлеу тарихы» бөлімінен мемлекеттік баж салығын төлеу туралы электрондық чекті басып шығарып, дайын құжатты алып кету үшін мамандандырылған орталыққа баруына болады.
– Ақпараттық технологиялар жаңа серпін әкелуде. Соның ішінде медицина, білім, энергетика және тағы басқа маңызды салаларды цифрландыру елдегі экономикалық дамуды жеделдетеді. Биыл Елбасы Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыруды тапсырды. Осы бағытта департаментпен көптеген жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде электронды қызметтер үлесі аймақта өткен жылмен салыстырғанда 30 процентке артты. Біздің басты мақсатымыз – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын, қызмет түрлерінің сапалылығын қамтамасыз етіп, әкімшілік кедергілерді төмендету. Мемлекеттік органдар мен азаматтардың арасындағы тікелей байланысты болдырмау міндеті бүгінде сәтті жүзеге асып келеді. Өздеріңіз куә болып отырғандай, жүргізуші куәлігін де онлайн-ауыстыру қызметі кеңінен насихатталып, оң нәтижесін беруде. Қазір мемлекет тарапынан тұрғындарға барлығы 700-ден аса қызмет түрі көрсетіледі. Оның жартысынан көбін үйден шықпай-ақ, электронды түрде алуға мүмкіндік бар, – деді Ж.Қадырбай.
Бұл жоба қызмет алушылардың уақытын үнемдеуге және мамандандырылған орталықтарда кезекті азайтуға мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, электрондық үкімет порталында әрбір пайдаланушыға жеке кабинет жұмыс істейді. Онда түрлі мәліметтер және пайдалы сервистік қызмет түрлері енгізілген. Мәселен, бүгінде кез келген азамат әкімшілік айыппұлдар жайлы ақпарат алып, тұрғын-үйге кезекке және некеге тұру сынды қызметтерді пайдалана алады.
 
М.СНАДИНҚЫЗЫ.
09 сәуір 2018 ж. 1 897 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930