ХАЛЫҚТЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
Қызылордада халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқыту шаралары жалғасуда. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиал мамандарының қатысуымен қысқамерзімді курстар адам көп шоғырланатын орындарда өтіп жатыр.
Кезекті сабақ облыстық әкімдік ғимаратында ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметкерлерге арналған оқыту бағдарламасы кең көлемді. Дәріс барысында қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жаңашылдықтарға тоқталды. ХҚКО мамандары egov.kz электронды порталында қолжетімді болған sms-хабарлама жолдау арқылы үшінші тұлғаларға анықтама алу қызметін таныстырып, проактивті қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету, апостиль қойылған сотталмағандығы туралы анықтаманы беру секілді қызметтер бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Дәл осындай семинар-сабақтар аймақтағы жоғары және орта-мамандандырылған оқу орындарында, мектептерде және басқа да еңбек ұжымдарында өтіп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мемлекеттік корпорация арқылы жоспарда 20 мың адамды қысқамерзімді оқыту курстарымен қамту көзделген.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызметтерді алу бірнеше арналар арқылы қол жетімді болды. Оның ішінде электронды үкімет порталы арқылы 700-ден аса қызмет, ХҚКО арқылы 548 қызмет, «mgov» мобильді қосымшасы арқылы 80-нен аса қызмет көрсетіліп отыр.
ҚЫЗЫЛОДА ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ-ИНТЕРНЕТ РЕСУРСЫ