Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ДОСТЫҚ ТУЫ ЖЕЛБІРЕГЕН КЕШ

ДОСТЫҚ ТУЫ ЖЕЛБІРЕГЕН КЕШ

Арман мәдениет үйінің төрінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан – достық мекені» атты жүрекке жылу, көңілге шуақ сыйлаған мерекелік кеш өтті. Көктемнің шуақты лебі мен адам жүрегіндегі мейірім тоғысқан бұл кеш – бейбіт елдің берекелі бірлігін бейнелеген тағылымды сәтке айналды.
Шараның негізгі өзегі – сан ұлтты бір шаңырақ астына ұйыстырған татулықтың қадірін ұғындыру, ұрпақ санасына достық пен өзара құрметтің дәнін себу еді. Кеш шымылдығы кент әкімінің міндетін атқарушы Қанат Рахманбердіұлының жүрекжарды лебізімен түрілді. Ол жиналған қауымды мерекемен құттықтай отырып, ел ішіндегі ынтымақ пен келісімнің маңызын жеткізді.
Одан әрі сахна төрі әуезді ән мен әсем жырға бөленді. Түрлі ұлттың өнерін тоғыстырған көріністер, ұлттық нақыштағы билер мен сырлы әндер кештің мазмұнын байытып, көрерменнің көңілін көкке көтерді. Әрбір орындау – достықтың үніндей естіліп, жүректерге жылулық ұялатты.
Осылайша Көкшоқыда бірліктің бейнесіндей рухани басқосу өтті. Жиналған жұрт шат-шадыман көңілмен тарқасып, жүректеріне елдік пен татулықтың шуағын ала қайтты.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
06 мамыр 2026 ж. 23 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031