Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БІРЛІКТІҢ БЕРЕКЕЛІ МЕЙРАМЫ

БІРЛІКТІҢ БЕРЕКЕЛІ МЕЙРАМЫ

1 Мамыр – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күткен мейрамы.
Дана халқымыз «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп тегіннен-тегін айтпаса керек. Тәуелсіздігіміздің әрбір жылының біз үшін мәні мен маңызы ерекше. Еліміздегі барлық ұлттар мен этностарға тең мүмкіндіктер жасалуда. Бірлік, достық, татулық, ынтымақ – еліміздегі саяси-экономикалық тұрақтылықтың басты әрі негізгі кепілі. Бағындырған белестеріміз бен жеткен жетістіктеріміз ұлтаралық татулық пен шынайы түсіністіктің айқын айғағы. Мұның бәрі халқымыздың берік достығы мен тағылымды татулығының, абыройлы ауызбіршілігінің нақты нәтижесі.
Мереке қарсаңында Ақмая ауылдық клуб үйінде «Бірлік – бәрінен биік ұғым» атты этнос өкілдерімен кездесу кеші өтті. Мерекелік іс-шараға Ақмая ауылдық округ әкімі Ғалымжан Бейсембаев, үлгілі кәріс ұлты өкілінің отбасы Лян Светлана және оның немерелері Пак Виталий, Пак Мария арнайы қатысты. Мерейлі мерекемен құттықтаған ауыл әкімі келген қонақтарға ыстық ықыласын жеткізді.
– Қазақ халқы – біртұтас халық. Біз бір елде өмір сүріп, бір мемлекетті бірге дамытып жатырмыз. Бұл мереке – халқымыздың терең рухани және жасампаздық құндылықтарын бойына сіңірген қасиетті күн. Ақмая ауылы түрлі этностардың тату тіршілігі мен өзара құрметінің жарқын үлгісі. Біз – әртүрліміз, бірақ теңбіз. Біз бір-біріміздің дәстүріміз бен мәдениетімізді құрметтей отырып, ортақ болашақты бірге құрып келеміз. Баршаңызға бейбіт өмір, амандық пен өсіп-өркендеуді тілеймін, – деді Ғалымжан Қайырбекұлы.
Әрі қарай мерейлі сәт ашық әңгімеге өрбіді. Келген қонақтарға ұлттық дәм тағамы ұсынылып, клуб өнерпаздары әсем әндерін ортаға салды. Сонан соң мектептің үздік оқушысы Пак Мария Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқып, өзінің жүрек жарды лебізін білдірді.
– 1 мамыр – біз, қазақстандықтар үшін ең маңызды мереке. Қазақстан көпұлтты отбасының мүшелерін бір шаңырақ астына біріктіріп, тату-тәтті өмір кешуіне жағдай жасап отырғанын әлемге дәлелдеп келеді. Сондықтан осы жарасымды татулықтың маңызын тағы бір мәрте түсіну үшін осындай мерекелер керек-ақ. Тағы бір айтарым, бұл мерекенің мен үшін маңызы зор, себебі бұл – ел аумағында тұрып жатқан халықаралық отбасыларға, әсіресе осындай киелі жерде тұрып жатқанымыз үшін қазақтарға алғыс білдіруге жақсы мүмкіндік. Десе де Қазақстан аумағы менің де жерім деп те айтуға болады, себебі мен – қазақстандықпын, – деді Марина Пак.
Іс-шара аясында қойылған «Бірлік – елдің бақыты» атты кітап көрмесі де мерекенің шырайын аша түсті. Келген қонақтарға ауыл кітапханашысы Майгүл Кенебекова көрмеге қойылған шығармаларды таныстырып, құнды ақпараттарымен бөлісті.
Бірлік пен ынтымақтың алмайтын қамалы болмайды. Халық даналығы «Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса – төбедегі келеді» деп, бекер айтпаса керек-ті! Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде, тіліміз бен дінімізді, салт-дәстүрімізді сақтап қалған еліміздің ынтымағы мен бірлігі. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс, өсіп-өркендеу болары айдан анық.
Бірлік – кектеммен қатар келетін үміт пен жаңғырудың, татулық пен тірліктің белгісі. Ол – әр жүректе мәңгілікке ұялаған сенім, отбасының аманаты. «Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді» деп дана халқымыз айтқандай, берекеміз биіктеп, ынтымағымыз арта берсін!

М.ҚАЙРАТҰЛЫ
04 мамыр 2026 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031