Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » құттықтау

құттықтау

Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірменді жерлестер!
Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына айналған 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған еліміздің тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылық - ең әуелі Отанымыздың жан-жақты дамуы мен еліміздегі тыныштықтың кепілі. Бұл тұрғыда мемлекетімізді ортақ Отаны мен құтты мекеніне айналдырып отырған 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып отыр. Бүгінде Шиелі ауданында бір үйдің баласындай болып 18-ден астам ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, ортақ шаңырақтың астында жемісті жұмыстар атқаруда.
Құрметті ағайын!
«Бірлескен бітіреді, ұйымдасқан — ұтады» демекші, біз елдегі ахуалға орай енгізілген төтенше жағдай кезеңінде де аудан халқы ауызбіршілік танытып, бұл сындарды сәттен де сүрінбей өтеміз деп сенемін!
Баршаңызды бүгінгі бірлік мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ, бірлігі арта берсін!
Шиелі ауданының әкімі
Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлы
01 мамыр 2020 ж. 788 0