Шиелі ауданы әкімінің құттықтауы
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз еліміз үшін ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады.
Еліміздегі қалыптасқан ұлттар татулығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміздің экономикасы өркендеп, әлеумет ілгері басып келеді. Қоғамда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы елімізде демократиялық мемлекет құруға және алға өрлеуге зор ықпал етуде. Бүгінде аудан көлемінде 18 ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
Қадірлі жерлестер!
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің басты байлығымыз. Бұл жетістіктерді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Бірлік мерекесі қарсаңында Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Қазақстанның мерейі үстем, мәртебесі биік болсын!
Ізгі тілекпен
Шиелі ауданы әкімі Ә. Оразбекұлы