ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ
Аудандық әкімдік ғимаратында аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар бойынша мәжіліс өткізілді.Шараға аудан әкімі А.Жандарбеков, аудан прокуроры М.Маханбетжанов және инвесторлар мен олардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға заң талаптары түсіндіріліп, аудандық прокуратурамен бұл бағыттағы жұмыстар барысы жеткізілді.
Шара соңында әр инвестор үшін дербес әзірленген облыс прокурорының орынбасары Н.Дүйсенбаевтың жадынама мәтіндегі облыстық прокуратураның сенім телефондары көрсетілген қолдаухаттары табысталды.
ҚҰРМЕТТІ ИНВЕСТОР!
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы №1125 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымында Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитет құрылды.
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы №1125 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымында Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитет құрылды.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Инвестициялық омбудсмен болып белгіленді.
Облыстық деңгейде инвесторлардың құқықтарын қорғауды облыс прокурорының орынбасары Н.Дүйсенбаев қамтамасыз ететін болады.
Облыс прокуратурасында инвестициялық прокурорлардың қатысуымен мамандандырылған жұмыс тобы құрылды.
Оның міндеті – инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде сүйемелдеу және әкімшілік пен құқықтық кедергілерді жедел жою.
Сонымен қатар «Прокурорлық сүзгі» өз жұмысын жалғастыруда. Оның аясында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан инвесторларға қатысты тексерулер, әкімшілік іс қозғау, сотқа талап арыздар беру және тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды тек прокурордың келісімінен кейін ғана жүзеге асыра алады.
Құқықтарыңызды бұзу, әкімшілік кедергілер туындау, рәсімдер созылу және сүйемелдеуге қатысты өзге де мәселелер пайда болған жағдайда, тікелей аудандық прокуратураға хабарласуыңызды сұраймыз (Жантөреев Қанат Мүтәліпұлы – аудандық прокуратураның прокуроры. Ұялы тел: 8-778-334-0508).
Прокуратура инвестжобалардың сәтті іске асырылуы үшін нақты қорғауды, тәуекелдерді азайтуды және тұрақты жағдайларды қамтамасыз етеді.








