Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың және Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Нұрболат Дүйсенбаевтың қатысуымен актив отырысы өтті. Жиында Шиелі ауданының жаңа прокуроры таныстырылды.

ҚР Бас Прокурорының бұйрығына сәйкес, Маханбетжанов Мейрамбек Жанбырбайұлы Шиелі ауданының прокуроры болып тағайындалды. Мейрамбек Жанбырбайұлы 1984 жылдың 1 мамырында Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 2004 жылы М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітіріп, сол жылдан бастап прокуратура және құқық қорғау органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

Маханбетжанов Мейрамбек Жанбырбайұлы тергеу, азаматтық және әкімшілік статистика, жалпы қадағалау, кадр қызметі, аппаратты басқару және жалпы басшылық бағыттарында тәжірибесі мол. Қызметінің әр кезеңінде Арал, Қармақшы және Шиелі аудандарында, сондай-ақ Қызылорда облысы прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінде жауапты қызметтер атқарды. Басшылық құрамында ұзақ жылдар жұмыс істеп, ұйымдастырушылық және кәсіби қабілеттерімен көзге түскен.

Актив отырысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков жаңа прокурорға сәттілік тілеп, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарына табыс тіледі.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
11 желтоқсан 2025 ж. 24 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031