Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалды

Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалды

Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Нұржан Ахатов тағайындалды.
Ахатов Нұржан 1978 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит», Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
  Нұржан Ахатов қызмет жолын Қызылорда облысының статистика жөніндегі есептеу орталығы жабдықтаушы маманынан бастаған. Кейін Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімінің орынбасары қызметтеріне дейін көтерілген. Қызылорда облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасы бастығының орынбасары, Шиелі ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жетекшісі, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары ретінде жауапты қызметтер атқарған.
Өндіріс саласында да мол тәжірибе жинақтап, «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС директоры лауазымын абыроймен атқарып, қалалық мәслихат депутаты ретінде де қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосты. Бұған дейін Шиелі ауданының әкімі қызметін атқарды.
01 тамыз 2024 ж. 125 0