Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АУДАН ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Шиелі аудандық мәслихатының келісімдерімен Шиелі ауданының әкімі лауазымына Мақұлбеков Нариман Әскербекұлы тағайындалды.
Мақұлбеков Нариман 1968 жылы Қызылорда қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Қызылорда қаласындағы автобазада слесарь ретінде бастаған.
1987-1994 жылдары Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеген.
1994-2017 жылдары құқық қорғау органдарында, соның ішінде Қызылорда қалалық прокуратурасының тергеуші стажерінен облыс прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның департамент бастығына дейінгі қызмет сатысынан өткен. 2018-2020 жеке секторда «Jfc colos» ЖШС директорының кеңесшісі лауазымын атқарған.
2020 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жаңа аудан әкімін таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
17 шілде 2021 ж. 2 547 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031