Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңір дамуына үлес қосқан өндіріс

Өңір дамуына үлес қосқан өндіріс

Сырдария уран кенді провинциясындағы Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын кен орындарында уран өндірумен айналысатын «РУ-6» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бас директоры Жандос Әбдімәуленов) өңірдегі тұрақты әрі әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорындардың бірі саналады.
Жыл қорытындысымен аталған кәсіпорын ауданның экономикасы мен өндіріс саласының өркендеуіне, еңбек заңнамасының сақталуына қосқан үлесі үшін «Үздік еңбек ұжымы – 2025» номинациясымен марапатталды.
Мекеменің HR және әлеуметтік жұмыс департаментінің директоры Рабиға Мавлюдинованың мәліметінше, қазіріі күні бұл жерде 508 адам жұмыс істеуде. Оның дені Шиелі ауданының тұрғындары. Соңғы екі жылда мұнда конкурс пен ротация арқылы 69 қызметкер жұмысқа қабылданыпты.
Кен орындарында уран өндіру жер асты ұңғымалық шаймалау әдісімен жүргізіледі. Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) бағалауынша, бұл әдіс табиғи уранды өндірудің экологиялық қауіпсіз әрі тиімді тәсілі болып есептеледі.
Кәсіпорынның өндірістік әлеуеті жоғары, заманауи технологиялармен жабдықталған, материалдық-техникалық базасы мықты. Сонымен қатар мұнда еңбек ететін мамандардың біліктілік деңгейі жоғары. «РУ-6» ЖШС жылдар бойы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом ­компаниясы үшін кәсіби кадрлар даярлайтын маңызды өндірістік мектепке айналды. Осы жерден шыққан көптеген маман бүгінде еліміздің түрлі аймағындағы кәсіпорындарда табысты еңбек етіп жүр.
Кәсіпорын өндірістік көрсеткіштермен қатар, әлеуметтік бағыттағы жұмыстарға да ерекше мән береді. Соңғы бес жылда Шиелі ауданының әлеуметтік саласына 30 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Қаржылай және материалдық көмек соғыс және еңбек ардагерлеріне, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім балалар мен дарынды жастарға көрсетіліп келеді.
Сонымен бірге «РУ-6» ЖШС Шиелі ауданындағы ірі салық төлеушілердің бірі. Жыл сайын түрлі деңгейдегі бюджетке 500 миллион теңгеден астам салық аударылады. Кәсіпорын бұл еңбегі үшін бірнеше мәрте «Жылдың үздік демеушісі», «Жылдың үздік салық төлеушісі», «Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымдары ­бойынша марапатталған.
Кәсіпорын өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге де айтарлықтай үлес қосып отыр. Атап айтқанда, Бәйтерек ауылдық округінен отыздан астам тұрғын «РУ-6» ЖШС-де тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың басым бөлігі – жастар.
Ұзақ жылдар бойы Бәйтерек ауылы тұрғындарын алаңдатқан Р-9 суару каналы мәселесі де кәсіпорынның қолдауымен шешімін тапқан. Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша каналдың 12 шақырымдық бөлігі тазартылып, нәтижесінде егістік пен үй іргелік жерлерді суару айтарлықтай жақсарды. Сонымен қатар кеншілер ауылдан үлкен футболға арналған заманауи стандарттарға сай стадион құрылысын бастады.
Бұдан бөлек, кәсіпорын салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа тарту бағытындағы шараларға белсенді қатысады. Өткен жылы балаларға арналған мерекелік іс-шаралар мен спорттық турнирлерді қоса алғанда, 50-ден астам әлеуметтік және спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 300-ден астам отбасыға қолдау көрсетілді.

М.КЕҢЕСҰЛЫ
27 қаңтар 2026 ж. 34 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (9373)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031