ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ ЖҮКТЕЛГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
Орман десе, көз алдымызға көк тіреген қарағайлар, бірін-бірі құшақтай өскен ну тоғайлар, сыбдыры жанға тыныштық сыйлайтын жасыл әлем елестейді. Алайда Сыр бойындағы, Қызылқұммен қанаттас жатқан Шиелі өңірінде орман – табиғаттың тосын сыйы емес, адам еңбегінің, табандылық пен жанашырлықтың жемісі.Жартылай шөлейт аймақта орналасқан бұл өңірде өзен-сулардың бойындағы құба тал мен жиде болмаса, орман атаулының басым бөлігі қолдан отырғызылған. Әрбір сексеуіл, әрбір қарағаш – жердің ғана емес, елдің үмітін тамырлатқан тірі тарих. Осы жасанды орманның, табиғи тепе-теңдіктің сақшысы – Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме. Бұл мекеме – тек жасыл желекті қорғаушы құрылым ғана емес, болашақ алдындағы жауапкершілікті арқалаған рухани шеп.
Бүгінде мекеме қарамағындағы мемлекеттік орман қорының жер көлемі 1 079 187 гектарды құрайды. Оның 870 320 гектары – орманды алқап. Бұл сандардың артында жай есеп емес, экологияның, адам денсаулығының, тұтас өңірдің өмір сапасының тағдыры тұр.
Мекеме басшысы Жандос Жақсылықұлының сөзімен айтқанда:
– Біздің мақсатымыз – орманның тынысын сақтау, оның әрбір түп жасыл желегін қорғау. Табиғат бізге сенім артқан, сол сенімді ақтау – біздің басты міндетіміз.
КӨКТЕММЕН ҚАТАР КӨКТЕГЕН ЕҢБЕК
2025 жылдың көктемі Шиелі орманшылары үшін ерекше қарқынмен басталды. Жөлек орманшылығында 0,5 гектар жерге тұқымбақ, тағы 0,5 гектарға мектеп бөлімі отырғызылды. 2 гектар аумаққа мәдени екпелер егілді, бұрын отырғызылған көшеттерге су құйылып, шөбі орылып, толық күтім жасалды.

Ал ең ауқымды жұмыс – 400 мыңнан астам сексеуіл көшетінің егілуі. Сексеуіл – құмды даланың қорғаны, желге тосқауыл, шөлейт аймақтың тіршілік діңгегі. Оны сақтау – тек ағашты емес, тұтас экожүйені сақтау.
ӨРТ – ОРМАННЫҢ ӨЗЕКТІ ЖАУЫ
Табиғаттың тылсым сұлулығы бір сәтте-ақ жалынға орануы мүмкін. Сондықтан орманшылар үшін өрттің алдын алу – басты міндет. 2025 жылы бұл бағытта нақты әрі жүйелі жұмыстар атқарылды. Ауыл тұрғындарына ескерту хаттар таратылып, 54 шақырым жаңа минералды жолақ салынды, 216 шақырым жолаққа күтім жасалды. Қауіпті маусымда өрт сөндіру жаттығулары өткізілді.

Өкінішке қарай, өткен жыл ішінде екі өрт оқиғасы тіркелді. Алайда орманшылардың жедел әрекетінің арқасында өрт дер кезінде ауыздықталып, кінәлілер анықталып, келтірілген шығын толық өндірілді.
ЗАҢ – ҚОРҒАН, ЖАНАШЫРЛЫҚ – ҚАЛҚАН
Өткен жылы 16 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 7 заң бұзушылық фактісі анықталды. Заңсыз ағаш кесу, орманды ластау, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, аң аулау ережелерін сақтамау – мұның бәрі заң аясында тиісті жазасын алды. Әсіресе сексеуілді қорғау мақсатында екі мобильді топ құрылып, орман алқаптары күнделікті бақылауда.

САУ ОРМАН – САЛАУАТТЫ ӨҢІР
Орман – тірі организм. Сондықтан оны отырғызу аздық етеді, жүйелі түрде бақылап, зерттеу қажет. 2025 жылы Қызылқұм, Шиелі және Жөлек орманшылықтарының аумағындағы 86 800 гектар жерде патологиялық зерттеу жүргізіліп, бірде-бір ауру ошағы тіркелмеді.

СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ
Аудандағы 31 су айдынының экологиялық жағдайы да назардан тыс қалған жоқ. «Таза су айдындары» акциясы аясында Ханқожа, Соркөл, Иіркөл, Құмкөл көлдері тазартылып, су жүйелері қалпына келтірілді. Ерекше мән берілген жұмыс – шабақтарды құтқару. Каналдар мен жаптарда қалып қойған шабақтар жиналып, қайтадан өзен-көлдерге жіберілді. Бұл – табиғатқа жасалған шынайы жанашырлық.

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ
Орман мекемесі – тек қорғаушы ғана емес, халыққа қызмет көрсетуші құрылым. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 1,8 миллион теңгеден астам табыс түсіп, 37 азаматқа орман билеті берілді. Мал жайылымы, омарта, егіншілік – барлығы заң аясында жүзеге асуда. Жабайы жануарларға да ерекше көңіл бөлінді. 2002 килограмм жем арнайы алқаптарға төгіліп, аң-құстардың қысқы қорегі қамтамасыз етілді.

ЗАМАНАУИ ТЕХНИКА – ТИІМДІ ҚОРҒАН
2025 жылы мекеменің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Жаңа КамАЗ өрт сөндіру көлігі, БТЗ-242К.20 тракторы, мотоциклдер, рациялар, Hyundai Tucson мен Нива автокөліктері алынып, орман күзеті жаңа деңгейге көтерілді. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген 659 миллион теңге қаражат 100% игерілді.

БИЫЛҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОСПАР
2026 жылға қойылған жоспар – болашақ алдындағы жауапкершілік. 7 гектар жерге 15 500 қараағаш көшетін отырғызу, 500 гектарға сексеуіл тұқымын себу, орманды қорғау мен жануарлар дүниесін сақтау – басты бағыттар. Аңшылыққа қатысты шектеулер де қатаң сақталып отыр. Бұл – табиғи тепе-теңдікті сақтау жолындағы маңызды қадам.

Қорытындылай айтқанда, Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің жұмысы – табиғатқа жасалған құрметтің, ел болашағына деген адалдықтың айқын көрінісі. Орманды қорғау – тек мекеменің емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Өйткені орман – ұлттың тынысы, ал сол тынысты сақтау – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ