Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 3000 гектар жерге «Жасыл аймақ» құру жоспарланды

3000 гектар жерге «Жасыл аймақ» құру жоспарланды

«Қазақстан Республикасындағы ландшафтарды қалпына келтіру жөніндегі» Дүниежүзілік Банк Жаһандық экологиялық қоры - жобасы шеңберінде Қызылорда орман шаруашылығының мемлекеттік орман қорының 3 000 гектар алаңында «Жасыл аймақ» құру көзделген. Оның ішінде Шиелі ауданы аумағы да бар.
Осы орайда кеше ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шарушылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Дүниежүзілік Банк өкілдері, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жансұлтанұлы мен «Қазгипроорманшар-КZ» ЖШС-нің мамандары белгіленген аймақтарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
3000 га жерге Жасыл аймақ құру жобасы Қызылорда, Шиелі, Сырдария, Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің күшімен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда аталған аймақтардың орман қоры жерлерінде топырақ дайындау және жер жырту жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ аталған 3000 га жерге 2023 жылдың көктем айында ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.

«Өскен өңір» ақпарат
07 қараша 2022 ж. 661 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930