Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ОТБАСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ МӘСЕЛЕ

ОТБАСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ МӘСЕЛЕ

Мемлекеттің басты байлығы, қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені Ата Заңда анық жазылған. Дана халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген тағылымы мол даналық сөз бар. Расында да Отанды сүюге тәрбиелейтін бірден-бір орта, ол – отбасы. Отбасында жарасым, сүйіспеншілік, мейірім болса ғана шаңырақ биік құрылып, керегесі кең болады.
Отбасы құндылығын нығайту мәселесі күн тәртібінен ешқашан түспейді. Шиелі ауданында 22-25 қаңтар күндері өтіп жатқан осы бағыттағы «Отбасын қорғау» жедел профилактикалық жұмысы жүргізілуде. Себебі жақсы қасиеттердің барлығы отбасында қалыптасып, тәрбие де, тағылым да жанұяда беріледі.
Іс-шараның басты мақсаты – отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, тоқтату, әйел және балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыру болып табылады. Бұл жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқан бастама арқылы құқықбұзушылықтың жолын кесе отырып, халыққа кеңінен насихатталып келеді. Сондай-ақ іс-шара «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңдарының талаптарын орындау мақсатында қылмыс пен құқықбұзушылыққа бейім тұлғаларды анықтайды.

«Өскен өңір» ақпарат
26 қаңтар 2026 ж. 30 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (9373)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (9371)

17 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031