Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ

ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ

Дана халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген тағылымы мол даналық сөз бар. Расында, Отанды сүюге тәрбиелейтін бірден-бір орта, ол – отбасы. Отбасында жарасым, сүйіспеншілік, мейірім болса ғана шаңырақ биік құрылып, керегесі кең болады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа арнаған Жолдауында отбасын қорғау және бала капиталын қалыптастыруға ерекше мән берді. Мұндай қолдау әрбір қазақстандықтың өз болашағына деген сенімін нығайта түсетіні сөзсіз.
Отбасы құндылығын нығайту мәселесі күн тәртібінен ешқашан түспейді. Жақсы қасиеттердің барлығы отбасында қалыптасып, тәрбие де, тағылым да жанұяда беріледі. Осыған орай елімізде отбасы құндылықтарын арттыру мақсатында қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» атап өтіліп келеді.
Бейсенбі күні аудандық кітапханада отбасының қоғамдағы рөлін түсіндіру, ата-ана мен баланың қарым-қатынасын нығайту, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі» атты кездесу кеші өтті. Тағылымы мол бұл кездесу кешіне Сейіловтер отбасы арнайы шақырылып, мазмұнды әңгіме өрбіді.
Құдай берген талантымен талайды тамсандырып, елдің ерекше қошеметіне бөленіп жүрген бұл берекелі отбасы өнермен өрілген десек, артық айтқанымыз емес. Себебі аяулы ана Гүлнаш Әбдіразақова, ұлы мен келіні Елдос Сейілов пен Меруерт Дүйсебай жас буынды өнерге баулып, өздері де халықтың сүйіп тыңдайтын әншісіне айналған өнерлі жандар. Балаларын да осынау асыл өнерге бағыттап, талантын шыңдап келеді.
Кездесу кешінде өнерлі отбасымен еркін сыр-сұхбат жүргізіліп, дарын иелері құнды ақпараттармен бөлісті. Дәстүрге сай қонақ кәде де сұралды.
Шара соңында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлдана Көпболсынқызы қонақтарды мерейлі мерекемен құттықтап, арнайы алғыс хат пен сыйлық табыс етті.

Мейіржан ИБРАГИМОВ
15 қыркүйек 2025 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930