Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАЛҒАН БАҚЫТТЫҢ ТҰМАНЫ

ЖАЛҒАН БАҚЫТТЫҢ ТҰМАНЫ

Ерте, ерте, ертеде Таза Өмір атты ел болыпты. Бұл елде жастар арманшыл, білімге құштар, болашаққа сеніммен қарайды екен. Бір күні елге көзге көрінбейтін, бірақ жаны суық Қара Тұман келіпті. Ол өзімен бірге «Жалған Бақыт» деген у алып жүріпті. Кім соны татса, уақытша шаттанып, кейін өмірінен адасып қала беретін болыпты.
Бір жасөспірім Арман сол уға қызығып, бір қадам жақындапты. Бірақ дәл сол сәтте Ақыл мен Үміт атты екі досы жолын бөгепті.
– Бұл тұман сені алдайды, – дейді Ақыл.
– Арманыңды қор қылма, – дейді Үміт.
Арман ойланып, жүрегін тыңдайды. Ол спортты, білімді, ата-анасының сенімін еске алады. Сөйтіп, Қара Тұманнан бас тартады. Тұман әлсіреп, елден біржола жоғалыпты.
Содан бері Таза Өмір елінде бір заң бар екен: жалған бақыт – тұзақ, ал таза таңдау – жарқын болашақ.

Диана ҚҰТТЫБАЕВА,
№252 Г.Н.Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясының
10 «В» сынып оқушысы
23 қаңтар 2026 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031