Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын, келер алдан,
Зиянға жол бермейік, удан болған.
Жастық жалын лауласын таза нұрмен,
Бақыттымыз жаралған жарық күннен.
Уытқа емес, сезімге сенім артқын,
Жаның таза, бағытың болсын жарқын.
Жеңіс пенен шындықтың жолы ұзақ,
Күш пен қайрат бергенде өмір жарқын.
Есірткіде еркіндік, шаттық қайда?
Уы — зәр, арбауы — тұзақ, пайда.
Арманыңды биіктен ізде, бауыр,
Шын ләззат бар еңбектің маңайында
Босқа өтер нашадан басталған күн,
Қиялыңды тұсап, қуартар мұң.
Уға толы уысқа қолды бермей,
Адалдыққа ұмтылғын қанатын тың.
Білім ал да, еңбек қыл, алға ұмтыл,
Ақыл-ойды қастерлеп, таза сақта.
Шынайы күш – білімде, терең ақыл,
Қос қанатың боларлық осы баққа.
Мақсат қойып, алға бас, биігіңе,
Тау қопарып жетерсің тірлігіңде
Қисық жолдан аулақ бол, түзу жүрші,
Сенімділік болсын әр ісіңде.
Мен өмірді қалаймын, таңды сүйем,
Жарқын өмір жолында жанды сүйем.
Адалдықпен асармын арман биік,
Жақсылықты жаныммен мәңгі сүйіп
Мен өмірді қалаймын, нұрлы жолды,
Адалдықпен асармын биік өрді.
Тәнің таза, саналы еркін жан боп,
Лайламайық тыныштық, бейбіт күнді.

Алтай Айерке,
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,   
№244 Ы. Жақаев атындағы орта мектебінің
8-сынып оқушысы          
  
06 қараша 2024 ж. 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930