Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!


Мен өмірді қалаймын! 

Бұл ғаламның қас жауы ол есірткі, 
Сол есірткі жапты талай есікті. 
Сол бәленің салдарынан сан ұрпақ, 
Бесігінде өспей жатып, өшіпті. 

Есірткімен бүлінген соң құндағы, 
Сан сәбилер жаялығын былғады. 
Аты өшкір кесапатты қолданып, 
Қанша жанның от жүрегі мұздады. 

Нашақорлық алау отын жақпасын, 
Қақпайықшы жамандықтың қақпасын. 
Өміріміз жақсылықпен нұрланып, 
Жамандықтан жастарымды сақтасын! 

Бақыт таңы ата берсін күлімдеп, 
Әр сәтіміз өтсін тоймен дүбірлеп. 
Жан жағымыз қуанышпен нұрланып, 
Қазағымнан аулақ болсын бұл індет. 

Бұл есірткі  - бастауы ғой тамұқтың, 
Бұл есірткі  - бүлінуі бағыттың. 
Жасөспірім, одан аулақ болыңдар, 
Амандығын ойласаңдар халықтың. 

Жамандыққа бұрмаңдаршы ат басын, 
Нашақорлық алау отын жақпасын. 
Ұрпағымды, отанымды, елімді 
Алла осы індеттерден сақтасын! 

Тәрбиемен алып өмір асқарын, 
Жақсылыққа қадам бассын жастарым. 
Бейбітшілік нұры есіп ғаламда, 
Бұлт шалмасын Қазағымның аспанын!

Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы Бала би ауылы 
№50 Абай атындағы орта мектебінің 
9 «Б» сынып оқушысы Қайсар Нағи
Жетекшісі: Рахменова Айгерім Ақбердіқызы
05 қараша 2024 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031