Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

Есірткісіз өмір – Халықаралық туризм және меймандостық университеті Мен өмірді қалаймын таза, тұнық, шынайы,
Жүрегіме заманым тигізбесін уайым
Жамандықтан аластап, бүгінгі күн жастарын
Жақсылыққа жол бастап, сөзден өлең құрайын.

Көңілдерді улайтын қасіреттің жолы көп,
Жалған баққа сендіріп, түсіретін торы көп
Өз өмірін бағалап, алға қарай ұмтылса,
Нағыз бақыт сонда ғой, ең биікке талпынса.

Есірткіге алданып, балта шапқан тағдырға
Қаншама жас адасып, өз өмірін қор қылған
Мен жолымды табамын ақылыма сүйеніп,
Өнегесін аламын бабалардың қалдырған.

Әрбір адам білсеңіз, өз тағдырын таңдайды,
Есірткіге ерген жан, өзін-өзі арбайды.
Мен боламын табанды, таза жолмен жүретін
Арманым бар биікте, соған қарай самғаймын.

Мен өмірді қалаймын, жарқын, әрі, мықты боп,
Есірткісіз өмірде, болашаққа жетем нық
Елмен бірге шаттанып, көкке жетсін үмітім,
Таң шуағын қарсы алам, келешекке үміт көп. 
Мырзабек Зейнеп
«№47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің
8 «А» сынып оқушысы
07 қараша 2024 ж. 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031