2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен өмірді қалаймын !

Мен өмірді қалаймын !


«Мен өмірді қалаймын!»                                                                                                                  
Тыңдашы, дос, ойларымды шырмалған,
Сен деуші едім,
Мына өмірге құштар жан.
Тоқтап қалған секілдісің бір жерде,
Қуантатын жүлдең қайда спорттан?
Парақшаңда
Суреттер тұр екіұдай,
Қайда қадам бастың екен байқамай?
Таста бәрін,
Жалт-жұлт еткен жарнама,
Өміріңді тұрған кезде лайламай.
Жаман әдет шырмауықтай шырғалаң,
Жақындама, өміріңді ойласаң.
Өз тағдырың-тек өзіңнің қолыңда,
Өз өмірің-өзің жазған шығармаң.
Қалаймын мен ашық-жарқын өмірді,
Қиындығын тосса-дағы сан түрлі.
Бер қолыңды, бір минутта ойланбай,
Тазартайық алабұртқан көңілді.
Адам болып мына өмірге жаралдым,
Жақсылықтан нәр алуға құмармын.
Арам нәрсе- пиғылымды бұзады
Адамдықты аманаттап алғанмын.
Сүйемін мен,
Қалаймын мен өмірді,
Айнымаймын,
Сөз беремін сенімді.
Уақытым жоқ, хақым да жоқ жаманға,
Бақыт маған
"Өмір" болып бұйырды!  

 №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектебінің 10 «А» сынып  оқушысы  Болатова Алуа
02 қараша 2024 ж. 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930