ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ ШИЕЛІ МАРАФОН – 2025


Жарыс Ы.Жақаев ауылына кіреберістен басталып, Тәуелсіздік көшесі мен Яссауи көшесін қамтыған 3 шақырымдық қашықтықта өтті.
Оған 350-ге жуық жас қатысып, өзара бақ сынасты.
Жарыс жеңімпаздары:
1 орын – Мархабаев Мұрат Асхарұлы (70 000 тг)
2 орын – Ахметжан Дамир Асылханұлы (50 000 тг)
3 орын – Данабеков Нұрлыбек (40 000 тг)
Жеңімпаздар дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен және арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Шара соңында Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Есенбаев Кенжехан Шахизатұлы және Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі директорының орынбасары Дайрақұлов Бақтияр Таубайұлы қатысушыларды құттықтап, естелік суретке түсті.