Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Марафон мәресіне жеткен жүйріктер

Марафон мәресіне жеткен жүйріктер

25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі мен аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «ШИЕЛІ МАРАФОН – 2022» жүгіру марафоны өтті. «Салауатты өмір салтын насихаттау және жас­тар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік жобасы аясында қолға алынған марафонға аудан тұрғындары қатысты.
Аталған марафонның мақсаты жас­тар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және ауданда бұқаралық спортты жандандыру болып табылады. Шараға Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің директоры М.Дүйсенов және Жастар ресурстық орталығының директоры Е.Әбдешов қатысып, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Марафон Ы.Жақаев ауылына кіре берістен бастау алып, Тәуелсіздік көшесі бойымен Яссауи көшесіне дейінгі 3 шақырымдық аралықта өткізілді. Бұқаралық шараға 300-ге жуық аудан тұрғындары мен жастар қатысып, бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша І орын Нұржігіт Тұраровқа, ІІ орын Нұртас Қыдырбаевқа, ІІІ орын Георгий Березовке бұйырды. Жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай сыйлықтар мен дипломдар берілді. Сондай-ақ үздік келген 10 спортшыға арнайы алғыс хат табысталды.

Айбек Асанов
10 қазан 2022 ж. 906 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031