Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Атырауда 1000-ға жуық адам түнгі марафонға қатысты

Атырауда 1000-ға жуық адам түнгі марафонға қатысты


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осымен екінші жыл қатарынан қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға 1000- ға жуық адам қатысты, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 


"Түнгі марафонға қатысушылардың көбі жастар. Дегенмен егде жастағы қатысушылар да аз емес. Соның бірі 51 жастағы Ажар Алимақанова жүгіруді әдетке айналдырған, тұрақты қатысушы болып табылады. Осындай спорттық шаралар арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыра аламыз. Өткізіліп жатқан марафон алдағы уақытта да жалғасын таба бермек", - дейді «Atyrau Marathone-2019» ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Юрий Пономарев. 



Түнгі марафон 4,5 км-ге қашықтықты қамтыды. Барлық қатысушыларға сөре алдында неон білезіктері, ал мәреге жеткен соң естелік медальдар мен сертификаттар берілді. Ерлер мен әйелдер арасында үздік келген 5 қатысушыға арнайы сыйлықтар табыс етілді.Іс-шара соңында түнгі марафон ұйымдастырушылары ең креативті және «ең жарқыраған киімді» таңдады. Хоккейші, покемон және солдат кейпінде киініп келген тұрғындар үздік деп танылды. 

Айта кетейік, шілде айында дәстүрге айналған "Эко марафоны" өтетін болады.
02 шілде 2019 ж. 883 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031