МАРАФОН МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Жұма күні Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі мен аудандық Жастар ресурстық орталығы, «Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан тұрғындары арасында «Шиелі марафон – 2023» марафоны өтті.
Аталған сайыс Шиелі ауданының 95 жылдығына орай өткізілді. Мақсат – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және аудандағы бұқаралық спорт түрін дамыту.
Аталған сайыс Шиелі ауданының 95 жылдығына орай өткізілді. Мақсат – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және аудандағы бұқаралық спорт түрін дамыту.
Шараға Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Дайрақұлов және Жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Ы.Қаппаров қатысып, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Тартысты марафон Ы.Жақаев ауылына кіре берістен бастау алып, Тәуелсіздік көшесі бойымен Яссауи көшесіне дейінгі 3 шақырымдық аралықта болды. Бұқаралық шараға 200-ге жуық аудан тұрғындары мен жастар қатысып, бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша, І орынды Диас Құрманбеков, ІІ орынды Елнұр Сейтхан, ІІІ орынды Дарын Жолдас жеңіп алса, ІV орынды Құдайберген Әділбекұлы, ал V орынды Ағжан Балтабай қанжығасына байлады.
Жеңіс тұғырынан көрінген Диас Құрманбеков «Бала күнімнен бастап спортқа деген ықыласым ерекше болды. Түрлі жарыстарға қатысып, өз бағымды сынап көретінмін. Әсіресе, ұзаққа жүгіргенді жақсы көремін» деп өз ойын жеткізді.
Ресейдің жекпе-жек спортшысы Хабиб Нұрмағамбетов: «Біріншісі – мен үнемі күресемін – сөреде, партерде – бұл менің базам. Екіншісі – жүгіру: мен шыдамдылықты сақтау үшін көп жүгіремін. Үшіншісі – тренажер залындағы классикалық жаттығулар кешені– брусья, турник, пресс, арқан» десе, Конор Маркгрегер: «Ешкім таңертеңгі сағат 4-те тұрып, әлі қараңғы болған кезде жүгіргісі келмейді. Бірақ бұл қажет. Менің мұны ертерек жасауымның жалғыз себебі – оны басқа ешкім жасамайтынына сенемін. Бұл маған кішкене артықшылық береді» дейді.
«Шынықсаң шымыр боласың», «Спорт – денсаулық кепілі» демекші, спортпен айналысқан адамның дені сау, жігерлі болып жүретіні сөзсіз. Сол себепті, сіздерде спортпен шұғылдаңыздар. Осындай марафондар көптеп ұйымдастырылса деймін. Жоғары деңгейде өткен марафонға қатысқаныма қуаныштымын», – деді пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу мамандығының 2-курс студенті.
Осылайша, ұйымдастырушылар жарыс жарыс жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар мен дипломдар беріп, үздік келген спортшыларға арнайы алғыс хат табыстады.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ