Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КІЛ МЫҚТЫЛАР САЙЫСЫ

КІЛ МЫҚТЫЛАР САЙЫСЫ

Шиелі ауданының 95 жылдығына орай, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің білім алушылары арасында «Отан қорғаушы-2023» атты әскери қолданбалы спорт түрінен сайыс өткізілді.
Аталған жарыс «Жастарға патриоттық тәрбие беру және жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау әлеуметтік қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында «Қызылорда облысынаң жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің жоспарына сәйкес өткізілді. Эстафетада әр оқу тобынан 7 білім алушы бақ сынасты.
Іс-шараға ҚР ҰҚК қызметі Шиелі шекара бөлімінің офицер капитаны Д.Жұмакәрімов, Шиелі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің маманы М.Батырбеков, Шиелі индустриалды-аграрлық колледж директорының міндетін атқарушы Б.Дайрақұлов, жас­тар ресурстық орталығының кеңесші маманы Ы.Қаппаров қатысты.
Қызықты сайыстың нәтижесінде, 1 орынды 3-курс құрамасы (50 000 теңге) иеленсе, 2 орынды №53 Пайдалы қазбаларды байыту оқу тобы (30 000 теңге) қанжығылады. Ал 3 орынды №51 Электрометр оқу тобы (20 000 теңге)иеленіп ақшалай сыйлық және алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кетейік, «Қыз балалар арасында денені көтеру», «Ер балалар арасында белтемірге тартылу»,«Тир мылтығымен нысанаға ату», «Калашников автоматын жартылай бөлшектеу мен жинақтау», «Арқан тарту» топтық сайыстары бойынша үздік көрсеткіш өрнегін көрсеткен жастар ақшалай сыйлық және номинацияларға ие болды.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
16 қазан 2023 ж. 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031