Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨЗБЕН КӨРІП, КӨҢІЛМЕН ТҮЙГЕН ЕСЕП

КӨЗБЕН КӨРІП, КӨҢІЛМЕН ТҮЙГЕН ЕСЕП

Қазіргі таңда елдегі басқару жүйесіндегі басты қағидаттың бірі – халықпен тікелей диалог орнату. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жергілікті билік халыққа барынша жақын болуы керек» деген тапсырмасы ел ішінде нақты жүзеге асып жатқанына куә болудамыз. Бұл бастама өңір-өңірдегі әкімдердің жұмыс істеу стиліне де тың серпін әкелгендей. Бұрын әкімдердің есептері тек ресми форматта, сахна төрінен баяндалса, енді олар халықтың ортасында бетпе-бет диалог құрады. Осы үрдіс Шиелі ауданында да өз жалғасын тауып, жұртшылықтың әкімдікке деген сенімін арттыра түсті.

Елді мекендерден бастау алған аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың дәстүрлі есеп беру кездесуі кеше кентте қорытындыланды. №219 мектеп ғимаратында өткен есепті кездесуде А.Насриддинұлы ауданның жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін саралап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен баяндады. Аудан басшысының айтуынша, биылғы жылдың алғашқы айларында аудан экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік серпін бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізген. Бюджеткірісі жоспардан артық орындалып, қаржылық тұрақтылық сақталған. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін аудан қазынасына 4,2 млрд теңгеден астам қаржы түскен. Бұл – жоспардың 111,3 пайызға орындалғанын көрсетеді. Өнеркәсіп саласында да айтарлықтай ілгерілеушілік байқалады. Биыл аудан бойынша 15,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл өсім, әсіресе, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және сауда салаларында айқын сезіледі. Кәсіпкерлікті қолдау бағытында да нақты шаралар жүзеге асуда. «Ұлттық жоба» аясында және басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 55 жоба қаржыландырылып, шағын және орта бизнестің өркендеуіне жол ашылды. Бұл бағыттағы жобаларға 998,2 млн теңге бөлінген. Ауыл шаруашылығы да назардан тыс қалмай, салада 2,3 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 100,7 пайыздық көрсеткішке қол жеткізілді. Көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп, 31,5 мың гектар алқапқа егін егілді. Оның ішінде күріш алқаптарының үштен біріне су жіберілгені – нақты нәтиженің белгісі. Шиелі ауданында құны 70 млрд теңгеден асатын 9 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар қатарында күн және жел электр станциялары, құрылыс материалдары зауыты, газ толтыру кешені және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар бар. Мұндай жобалар ауданның экономикалық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы басталды. Мектептер, балабақшалар, ауруханалар, спорт кешендері секілді нысандар тұрғындардың өміріне жаңа серпін береді. Сондай-ақ ауыз су, газ және электрмен қамту мәселелері де жүйелі шешімін табуда. Аудан бойынша 114 шақырымнан астам жолды жөндеуге 11 млрд теңге қаржы тарту жоспарланған. Қазіргі таңда бірнеше ауылдық округтерде жол жөндеу және салу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Кездесу барысында теріскей беттің тұрғындары жол сапасы, көше жарығы сынды өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-тілектерін ашық білдірді. Аудан басшысы әрбір мәселенің назардан тыс қалмайтынын, тиісті сала мамандарымен бірлесе отырып жан-жақты зерттеліп, нақты шаралар қабылданатынын жеткізді. Бұл – билік пен халық арасындағы өзара сенім мен серіктестіктің нақты көрінісі. ­Аудан әкімінің халықпен кезекті кездесуі Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде мәресіне жетті. Шиелі ауданының даму қарқыны – жүйелі жұмыстың, халықпен тығыз байланыстың және нақты мақсаттарға бағытталған жоспардың жемісі. Аудан басшысы Айтбай Жандарбековтің халықпен етене жұмыс істеуі, әр мәселені тікелей өз аузынан естіп, шешім қабылдауы – өңірдің дамуына қосылған үлкен үлес. Әрине, алда атқарылар шаруа аз емес. Дегенмен халық пен билік бір мақсат жолында жұмылса, алынбайтын асу жоқ.

А.МАХСҰТҚЫЗЫ

24 мамыр 2025 ж. 70 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9306)

28 мамыр 2025 ж.

№38 (9305)

24 мамыр 2025 ж.

№37 (9304)

20 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031