Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУДЕ ҚОЙЫЛҒАН САУАЛДАР МЕН ӨТІНІШТЕРГЕ ЖАУАП БЕРІЛУДЕ

ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУДЕ ҚОЙЫЛҒАН САУАЛДАР МЕН ӨТІНІШТЕРГЕ ЖАУАП БЕРІЛУДЕ


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесу нәтижелері жайында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Облыс әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуінде халық көп шоғырланған жерлердегі 183 жәшік, «Call-орталығына» және сайт арқылы барлығы 426 ұсыныс-пікір түсті. Қазіргі кезде өтініш берушілерге жауап берілуде. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кездесулерінде тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті және қаржы талап ететін маңызды 32 мәселенің тізбесі әзірленді.
"Барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кездесулерін Қызылорда облысы өңірлердің ішінде бірінші болып аяқтады. Жалпы облыс бойынша 157 есепті кездесу өткізіліп, оған 25 907 тұрғын қатысты. Есепті кездесулер барысында тұрғындар тарапынан 413 ұсыныс-пікір айтылды. Олардың 214-і экономикалық және 199-ы әлеуметтік сипаттағы мәселе", - деді облыс әкімінің орынбасары.
Жалпы, есепті кездесуде аймақ басшысы тек 2017 жылы ғана емес, сонымен бірге, соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарлар туралы айтты. Әкімдік мәслихатпен бірлесе отырып, «Нұр Отан» партиясы филиалымен және Қоғамдық кеңестің қатысуымен 2018 жылы жаппай кәсіпкерлік жылын жариялау туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ, кездесу барысында залдан және бейнеконференция байланысы арқылы 18 ұсыныс пен пікір айтылды.
Естеріңізге сала кетсек, облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесуі 2018 жылғы 14 ақпанда Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында өтті. Есепті кездесу мазмұны жағынан да, техникалық сүйемелдеу жағынан да озық болды. Ашықтықты қамтамасыз ету және мейлінше көп халықты тарту үшін барлық технологиялар қолданылды.
01 наурыз 2018 ж. 920 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930