Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 4 күн ішінде Иранға күріш жеткіземіз

4 күн ішінде Иранға күріш жеткіземіз


Биылғы жылы сырбойылық шаруалар Иран еліне экспортталатын күріштің көлемін арттырмақ. Әсіресе, бұл бағыттағы жұмысқа Қармақшы ауданының күрішшілері білек сыбана кіріскелі тұр.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев есеп беру кездесуінде Иранға экспортталатын күрішті 4 күн ішінде  жеткізуге мүмкіндік барын жеткізді.
Алдағы маусымда бұл өңірде 800 гектар аумаққа күріштің ирандық «Таром Хошими» сорты егілмек. Жалпы, Қармақшы ауданында жергілікті халық ала жаздай күріш егіп, атыз басында қона жүріп еңбек етеді. Диқандардың еңбектері еш кетіп жатқан жоқ. Өткен жылы әр гектардан 59,5 центнерден өнім жинап, облыс бойынша үздік көрсеткішке қол жеткізді.
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың есепті кездесуінен.
14 ақпан 2018 ж. 2 220 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031