Жеңісім – береке, бақ, дәулет

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Осыдан 80 жыл бұрын адамзат тарихында ең сұрапыл, жойқын соғыс Ұлы Отан соғысы аяқталды. Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректерімен, қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні қанқұйлы жау түбегейлі жеңіліс тапты. Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз. Қазақ топырағынан Ұлы Отан соғысына бір миллионнан астам жауынгерлер майданға аттанып, қазақ баласына сай ерліктерімен көзге түсті.
Архив-ел тарихында құнды құжаттар мен дәйекті деректер, шежіреге қатысты маңызды мәліметтер сақталатын мәдени ошақ. Бүгінгі таңда архив қорында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Ермағанбетов Ыбырай, Дүйсенов Бәһән, Райысов Ибаділда, Әшім Аманжолұлы, Ертай Тоқтасбайұлы Есенгелдиев, Әлсүгіров Ибадулла, Төрешов Маханбет Исаханұлы, Алдабергенов Имантай, Мұстафаев Нұрғали, Сәрсенбаве Әбдеш, Тәтенов Құрмаш, Нұрмағамбетов Көшен аталарымыздың жеке тектік құжаттары «Отан үшін от кешкендер» коллекциясында сақталуда.
Архив қорындағы жеке тектік құжаттардан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлік үлгілерін, рухани мұраларын елге, жас ұрпаққа таныстыру мақсатында «Шежірелі Шиелі-архив құжаттарында» тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге «Отан үшін от кешкендер» коллекциясынан жеке тектік қор иелерінің құжаттарынан өмірбаяны, куәліктері, мандаттары, марапттау құжаттары, БАҚ-қа жарияланған мақалалары, жеке, отбасылық суреттері қойылды.
- Көрменің негізгі мақсаты архив қорындағы құжаттар арқылы Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерінің жеке тектік құжаттарынан тарихи құнды мәліметтерді өскелең ұрпаққа таныстыру, Ержүрек жауынгерлеріміздің Ұлы Отан соғысы кезінде көрсеткен ерліктері мен жеңіс туын желбіретіп соғыстан кейінгі жылдары еліне жасаған қажырлы еңбектерімен игі істерімен, елін, туған жерін қорғау үшін жасаған ерліктерін насихаттау. Кешегі ұрпақтың ұлағатты істерін жас буынға, келер ұрпаққа үлгі ету. Отан сүйгіштікке, туған жерге деген патриоттыққа тәрбиелеу, қарт кісілерге құрмет сезімін қалыптастыру.
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды.
Ақбота Бакирова,
Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві»
КММ-нің «Шиелі аудандық архиві» филиалының
архивисті