Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗДАР СҰЛУ КӨРІНЕР ӨНЕРІМЕН

ҚЫЗДАР СҰЛУ КӨРІНЕР ӨНЕРІМЕН

Қаһарлы қыстың ертерек аяқталып, күлімдеген көктемнің келуін барша жұрт асыға күтетіні белгілі. Тіршілік қайта түлеп, жарқырай түсетіні де осы мезгіл. Табиғатпен қатар әйелдер қауымының да көркі артары сөзсіз. Әсіресе, мерекені нәзікжандылар ерекше дайындықпен күтеді. Тіпті мектеп, балабақша бүлдіршіндері де қуана қарсы алатыны рас.
Жақында «Балауса» бөбекжай бақшасында ерекше кеш ұйымдастырылды. Әдеттегі «Қыз сыны» секілді жаттанды сайыстардан бұл жолғы шараның форматы мүлде бөлек. Бұл байқауда тек қыздар ғана емес, сондай-ақ аналар да өз өнерін көрсетіп, сайысқа түсті. Шараны ашып берген балабақша меңгерушісі Роза Палманова қатысушыларға құттықтау сөз айтып, сәтттілік тіледі. Ал балабақша арулары аналарымен бірге «Мен қазақтың қызымын», «Қонақты қалай күтеміз?», «Өнерпаз болсаң, арқалан», «Анаға қарап қыз өсер», «Қыздар сұлу көрінер өнерімен», «Мақалды әріптермен жалғастыр» секілді бірнеше бөлімдер бойынша сахнаға шығып, өнерлерін ортаға салды. Салатанатты кеште бүлдіршіндер әдемі ән салып, мың бұралып билеп, сән үлгісін көрсетіп көпшілікті тамсандырса, аналары өздерінің қонақ күту өнегесімен бөлісті. Балғындардың балдай тәтті қылығын сахнадан тамашалаған ата-аналар керемет кеш үшін балабақша меңгерушісіне алғысын жаудырды.

Жазира ЖҰРҚАБАЕВА,
«Балауса» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі
15 наурыз 2025 ж. 264 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (9289)

31 наурыз 2025 ж.

№21 (9288)

26 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930