Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балабақшадағы «Көктем аруы»

Балабақшадағы «Көктем аруы»

Қаһарлы қыстың ертерек аяқталып, күлімдеген көктемнің келуін көпшілік асыға күтетіні белгілі. Қоршаған ортақайта түлеп, жарқырай түсетіні де осы мезгіл. Табиғатпен қатар әйелдер қауымының да ажары артары сөзсіз. Әсіресе, мерекені нәзікжандылар ерекше дайындықпен күтеді. Тіпті мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршіндері де қуана қарсы алатыны шындық.

8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне «Аймира» балабақшасында ерекше кеш ұйымдастырылды. Әдеттегі «Қыз сыны» секілді жаттанды сайыстардан бұл жолғы шараның форматы мүлде бөлек. «Көктем аруы – 2020» атты кеште балабақшаның өнерлі сұлулары тәрбиешілерімен бірге сайысқа түсті. Шараны ашып берген балабақша құрылтайшысы Жамила Әділбек әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ал балабақша арулары тәрбиеші апайларымен бірге «Тегін білу тектілік», «Өнерлі өрге жүзер», «Биші болам өскенде» секілді үш кезең бойынша сынға түсіп, өнерлерін ортаға салды. Шарада бүлдіршіндер әдемі ән салып, ұлы Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды. Балапанының балдай тәтті қылығын сахнадан тамашалаған ата-аналар керемет кеш үшін балабақша меңгерушісі Ақерке Баймахановаға алғысын жаудырды.
Сайыс соңында ең кішкентай қатысушы І.Сейтқасым тәрбиешісі М.Кенебековамен бірге бас жүлдені жеңіп алса, А.Серік пен жетекшісі А.Жұмағұловалар қатарластарынан оза шауып І орынды иеленді. К.Қанат пен Ш.Фарзудиноваға ІІ орын, А.Әбдібек пен Л.Ахметоваға жүлделі ІІІ орын бұйырды.

Айгүл ЖҰМАҒҰЛ

11 наурыз 2020 ж. 1 237 0