Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ата-баба дәстүрі – амандықтың белгісі

Ата-баба дәстүрі – амандықтың белгісі

Өткен аптада Алғабас ауылындағы «Балауса» бөбекжай-бақшасында балалардың бойына ізгілік дәнін сеуіп, адамгершілік, мейірімділік сынды қасиеттерге баулып, үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеуге негізделген «Ата-баба дәстүрі – амандықтың белгісі» атты іс-шара өтті. Оған аталған бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері өз әжелерімен қатысып, өзара сынға түсті. Айта кетейік, сайысты балабақша тәрбиешісі Нұргүл Іргебайқызы ұйымдастырған.

Әжелер сайысын «Балауса» бөбекжайының басшысы Ұлжан Өмірбайқызы ашып беріп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ақ жаулықтылар тәтті немерелерімен «Сәлем – сөздің анасы», «Өнерлінің қолы алтын», «Өз өнерін көрсету», «Ас – адамның арқауы», «Ұлттық киімдер үлгісін көрсету», «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» сияқты кезеңдерде өздерінің өн бойындағы таланты мен өнерін ұштастыра отырып, керемет жарыс үлгісін көрсете білді. Тіпті салт-дәстүр бойынша қойылған сұрақтарға тосылмай жауап берді. Сайыс нәтижесі бойынша бас жүлде Бибіажар немересі Адинаға бұйырса, I орынды Баян немересі Келбетпен жеңіп алды. Ал ерекше өнерімен көзге түскен Айнаш немересі ­Еркемаймен II орынды алса, III орынды Қарлығаш немересі Сағынаймен иемденді. Бәсеке соңында көрермен көзайымына айналған қатысушыларға грамоталар мен сый-сияпат табыс етілді.

Фариза КЕНЖЕШОВА


17 наурыз 2020 ж. 647 0