Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЕГІЗ БАЛАНЫҢ АНАСЫ

СЕГІЗ БАЛАНЫҢ АНАСЫ

Әйелдер қауымының ұрпақ саулығы мен тәрбиесіне ұлтымыздың демографиясына қосқан үлесі де зор. Сондай нәзік жанның бірі – көпбалалы ана №157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектептің мұғалімі, Алғабас ауылының тұрғыны  Мария Ходжабекова. Жан-жары Серікбол Жүнісовпен бірге 16-шы көктемін қарсы алып отырған отбасында  3 қыз,  5 ұлды әкеліп, тәрбиелеуде.
Көпбалалы болудың қызығы мен шыжығы көп. Сәбидің іңгәлап, жарық дүниеге келгенінен бастап, оны өсіріп, жетілдіріп, тұлға етіп шығару ата-ананың тарапынан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Адамзат тарихында есімі елге елеулі тұлғалар көпбалалы отбасынан шыққаны бәрімізге белгілі. Сол себептен кездес­кен қиындыққа мойымай, тек алға ұмтылу қажет. «Ел есінде бір жыл қалғын келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Алдыңғы буын әжелеріміз бен аналарымыздың ізін жалғап, ұрпағыма бойымдағы бар жақсы қасиеттерімді, тәлім-тәрбиемді беріп, ақылымды айтып, дұрыс жөн көрсетуден еш жалыққан емеспін. Балалы болудан қашпау керек. Мен алдағы уақытта балаларымды жарқын болашақ күтіп тұрғанын сеземін және сенемін, – деді сегіз баланың анасы.

Айнұр ИБРАШЕВА 

11 наурыз 2025 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728